Қазақстандық шекарашылар еліміз арқылы
30 келіге жуық есірткі заттарын өткізбекші болған Ресей және Қырғызстан
азаматтарын ұстады, деп хабарлайды шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Солтүстік шеп арқылы ресейлік азамат
«Тойота РАВ-4» көлігімен жалпы салмағы 25 келіні құрайтын 48 түйінге оралған
героин алып өтпекші болған. Көлікті тінту
барысында оның табалдырығынан өзіндік иісі бар күдікті ақ ұнтақ табылды. Ал
оңтүстіктегі қазақ-қырғыз бекетінде 49 жасар қырғыз азаматының «Мерседес»
маркалы көлігінің бамперінен 36 түйін есірткі заты табылды. Оның 1 келісі
героин, ал қалған 4 келісі гашиш екені анықталып отыр. Аталған деректер бойынша
тергеу амалдары жүргізілуде.
Оксана Парпура, ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің
бастығы:
Бірінші дерек бойынша Ресей Федерациясының, екінші дерек бойынша Қырғызстан
Республикасының азаматтары ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ