Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған Бердібек Соқпақбаевқа биыл 90 жыл

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 2003

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған Бердібек Соқпақбаевқа биыл 90 жыл.

«Менің атым - Қожа» сияқты классикалық туындыны әдебиетке әкелген қаламгердің мерейтойы жақында атамекені Нарынқолда өткен. Ал кеше зиялы қауым Алматыда оның туған күніне орай ұйымдастырылған әдеби кештің куәсі болды.

Бердібек Соқпақбаев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытыпты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Санаулы шығармаларымен-ақ өзін мойындатқан жазушы шындыққа бір табан жақын жүрді. Алпыстан асқан шағында жұмбақ өліммен көз жұмды. Соқпақбаев ғұмырында ешбір атаққа да, мараптқа да ұсынылмаған. Бірақ ол, халық мойындаған суреткер ретінде ел есінде қала бермек. «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларын оқырман әлі күнге жастанып оқиды. Үкімет шешімімен қаламгердің мерейтойы биыл Алматы облысының деңгейінде атап өтілуде.

Бексұлтан Нұржекеұлы, жазушы:

Аштықты, 37-шы жылғы қуғынды, адамдар арасындағы рушылдықты айтамыз. Осының бәрін Кеңес Үкіметі жаздырмады деп, жалпылама айтамыз. Осының бәрін Бердібек ағамыз жазды. Міне, осы жағынан қарағанда, бұл кісінің әдебиеттегі ер екенін көреміз. Бірақ ол ешқандай сый-сыяпат көрмей кетті. Есесіне халқы риза, оқырманы мен ұрпағы риза.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ