Русский Сайттың толық нұсқасы

Келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өтеді

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 1177

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесу барысында еліміздің тарихына қатысты маңызды мәселені де атап өтті. «Қазақтың мемлекеттігінің тарихы Керей мен Жәнібек хандық құрған кезеңнен басталады», - деді.  Сондай-ақ Президент келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өтетінін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

«Керей мен Жәнібек  алғашқы хандықты 1465 жылы құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі әлемге танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы - сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз. Бүгінде еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн».

Азамат АЛДОҢҒАРОВ