Русский Сайттың толық нұсқасы

Қуаңшылық кесірінен БҚО-да 35 мың гектар жердің астығы жарамсыз деп танылды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1250

Қуаңшылық кесірінен Батыс Қазақстан облысында 35 мың гектар жердің астығы жарамсыз деп танылды. Бұл биыл егілген астықтың шамамен он пайызын құрайды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы осындай ақпаратпен бөлісті.

Бүгінде егін орағын аяқтап, көңілін бір демдеген диқандар миллиардтап астық бастырмаса да, облыстағы Сырым мен Жәнібек аудандарында астықтың шығымы нашар болғанын айтады. Аптап ыстықтың кесірінен егін бой тартып, өспей қалған. Дегенмен, он пайыздың төңірегіндегі мұндай көрсеткіш қалыпты жағдайға айналғандай. Өйткені былтырғы егін орағы кезінде де 32 мың гектардың астығы жарамсыз болып қалған.

Аманбай Отарбаев, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Мамыр-маусым айында қатты ыстық болды ғой. 35 мың гектар жер көктеп шықты, бірақ оруға келмей қалды. Сақтандыру қоғамдары егістің шықпауына байланысты өзінің тиісті актісін жасап, шаруашылықтар өзінің сақтандыру сомасын алып жатыр деп айтуға болады.

Еркін КАРИН