Русский Сайттың толық нұсқасы

Саят Шаяхметовтің ісі қосымша тергеуге жіберілетін болды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 1248

Бұрынғы Білім және ғылым вице-министріне қатысты  қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілетін болды. Саят Шаяхметовтің ісін қараған Астана қалалық соты басқа айыпталушылар - Киреев пен Пактың адвокаттарының жеке шағымдарын қабылдамады. Істі қосымша тергеуге жіберу туралы шешім өзгеріссіз қалды. Еске салайық, кешегі сот отырысында адвокаттар өз қорғалушыларын қамаудан кепілдемеге босатып, істі сота қайта жолдауды сұраған.

Постановление районного суда 2 Алматинского района Астаны от 10 сентября 2014 года о направлении уголовного дела по обвинению Шаяхметова, Пак, Киреева, Тутубалина для производства дополнительного расследования оставить без изменения, частный протест прокурора, частные жалобы адвокатов Рустанбековой, Абитакым, Ким, Гутаровой оставить без удовлетворения.

Алматы аудандық сотынан іске қосымша тергеу тағайындау туралы өтініш білдірген экс-шенеуніктің адвокаты Нұрлан Бейсекеев арнамыздың тілшілеріне «істе қылмыстық негіз жоқ» деп мәлімдеме жасады.

Нұрлан Бейсекеев, айыпталушы Саят Шаяхметовтің адвокаты:

Я считаю, что на сегодняшний день говорить о преступлении невозможно. Ну, на сегодняшний день с учетом тех доказательств, что имеется. Что будет дальше, я не знаю.

Тергеу енді қанша уақытқа созылуы мүмкін деген сауалға адвокат нақты жауап бере алмады. Еске салайық, Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметов және басқа 3 күдікті Өскемен қаласындағы 700 орындық білім мекемесінің құрылысы кезінде мемлекет қаражатын жымқырды деген айыппен өткен жылдың сәуірінде құрықталды. Олар  мемлекетке 1 миллиард теңге қаржылай шығын келтіру дерегі бойынша айыпталып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ