Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жол апатында баласы зардап шеккен ананың үстінен іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 996

Жол көлік оқиғасында жүктілігінен айрылған Антонина Громцеваға қатысты дау ушыға түсті. Алматы қаласының прокуратурасы зардап шекті деген азаматша Громцеваның өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қорғаушылар мұндай жағдай бұрын-соңды жиі кездеспейтін деп отыр. Тергеу кезінде зардап шегуіші жүктілігі туралы жалған ақпарат берген болуы мүмкін. Істің қозғалуына осы жағдай себеп. Өйткені бұған дейінгі отырыста жол апаты кезінде Громцева шаранасынан айырылды деп, кінәлі тарап шығынды өтейтін болған. Енді сол кездегі жапа шегуші алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы арнайы өткен баспасөз мәслихатында Антонина Громцеваның қорғаушылары мәлімдеді.

Жоһар Өтебеков, қорғаушы:

Барлығы Бас прокуратурадан басталды. Менің ұққанымша, Қосжановтар отбасы жазған арызы бойынша нақты солар Алматы қаласының прокуратурасына мәселенің басын ашуға тікелей тапсырма берген. Ал, Алматы қаласының прокуратурасы осыған сүйеніп, қылмыстық іс қозғаған. Әрине, тікелей қалалық прокуратураның іс қозғауы - сирек кездесетін жағдай.

Еске салсақ, жол апаты осыдан 2 жыл бұрын болған. Антонина Громцева зардап шеккен қайғылы оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Осы таспаға сүйеніп, мамандар көлік оқиғасына кінәлі азамат Олжас Қосжановты анықтап, оны екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған және 2 млн теңге шығынды өтеуі тиіс еді.

Берік ХАСЕНОВ