Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандының ТЖБ «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазғандағы кеніштерінің өндіріс учаскелеріндегі жұмысын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1126

«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазғандағы кеніштерінің өндіріс учаскелерінде жұмыс тоқтатылды. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар басқармасы осындай шешімге келген. Ведомство инспекторлары «Шығыс» және «Оңтүстік» кеніштерінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған және кеншілердің еңбек шарттары ескерілмеген деген айып таққан. Ал мамандандырылған экономикалық сот тағылған айыпты орынды деп таныды.

Айта кетейік, «Қазақмыс»-тың аталмыш кәсіпорындарында мыс 1 шақырым тереңдіктен алынады. Сондықтан, кішігірім техникалық ақаудың өзі үлкен шығынға әкеп соғуы мүмкін. Бүгінде жұмысы тоқтатылған кеніштерде кемшіліктерді жою жұмыстары жүріп жатыр.

Жұрағат БАМАН