Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияда 1500 астам ТМД азаматы соғысуда

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1368

Сирия әскеріне қарсы соғысып жатқан содырлар қатарындағы ТМД елдері азаматтарының саны мың жарым адамға жетті. Мұндай ақпаратты ТМД-ның терроризмге қарсы орталығы, ведомство басшысы Андрей Новиковтың баяндамасына сілтеме жасай отырып таратады.

Оның сөзінше, жастар түрлі оқу орталықтарына діни білім аламыз деген сылтаумен баратын көрінеді. Ал іс жүзінде олар ақша үшін соғысады, - дейді Новиков. Бұл үрдіске қарсы жүргізіліп жатқан күреске қарамастан, ондай жастардың саны азаймай, керісінше көбейген көрінеді және жастарды арбайтын елдердің географиялық ауқымы кеңеюде. Мысалы, жуырда Германияда «ислам мемлекеті»-нің қатарына қосылып, Сирияда жиһад жасағысы келген 3 америкалық азаматша ұсталыпты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ