Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында туу көрсеткіші көтерілді

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 2148

Өскеменде халық саны көбейіп келеді. Мамандар дерегінше, соңғы 15 жылдың ішінде өмірге келген бала саны артқан. Қала халқы 640 адамға көбейген. Дәрігерлер бұл оң өзгерістерді азаматтардың денсаулығын нығайтуға арналған түрлі арнайы бағдарламалардың жүзеге асырылуымен байланыстырады.

Мысалы, соңғы он жылда өлім-жітім дерегі 8 пайызға төмендеп, ана мен бала өлімі де азайған. Дені сау балалардың көбеюі көңіл қуантады, дейді дәрігерлер. Сонымен қатар, бұл өңірде көп балалы отбасылардың қатары артып келеді. Бұған облыстық мәслихат депутаттарының әрбір отбасындағы төртінші бала үшін қосымша 50 мың төлемек болған шешімі түрткі болса керек. Егіздер мен үшемдер Шығыс Қазақстан өңірі үшін бүгінде жиі кездесетін жәйт. Ал осыдан бірер күн бұрын тағы бір үшем жарық дүние есігін ашты.

Рая Рахимова, ШҚО Ана мен бала орталығының директоры:

Біздің Ана мен бала орталығында 8,5 мың ананы босандырып алдық. Биыл егіздер мен үшемдер көбейіп отыр. Біз бұл оңды құбылыс әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз. Бүгін біз үшін қуаныш, ата-аналармен бірге қуанудамыз.

Еркін ҚАРИН