Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдік нарықта мұнай құны төмендеуі Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймайды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1316

2014 жылы бюджеттік түсімдер 100 миллиард теңгеге азайып, жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 пайызды құрады. Былтыр Үкімет бұл көрсеткіш 6 пайызға жетеді деп болжаған. Экономикалық өсімнің төмендеуіне  шикі мұнай, түсті металлургия мен машина жасау  салаларындағы өндіріс көлемінің кемуі әсер еткен.

Мәжілісте Үкімет мүшелері 2014-16 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырды. Ол бойынша шығынның 300 миллиард теңгеге қысқартылатыны белгілі болды. «Бірақ мұның негізі әлеуметтік бағдарламаларға кесірі тимейді»,- деді Қаржы министрі. Ал Ұлттық қордан 325 миллиард теңге бөлінбек. Оның  250 миллиард теңгесі екінші деңгейлі банктердің жұмыс істемейтін несиелерін жабуға жұмсалады. 25 миллиарды инновацияны дамытуға, қалғаны «Арнайы экономикалық аймақтарды» қолдауға бағытталмақ.

Бақыт Сұлтанов,  ҚР Қаржы министрі:

Мысалы, бір кәсіпорынның кредиті жұмыс істемей отырғанда, ол деген жылдан жылға проценті көбейіп, жұмысы тоқтап, сатылым жоқ болған кезде, әрине, осындайда проблемалық кредит болып қалады. Біз оны қор арқылы банктен сатып алсақ, жаңағы кәсіпорынның жағдайы жақсарып, басқа кредит алып, басқа жобаларды енгізе алады. Жұмыскерлеріне халыққа тікелей әсері болады.

Айта кету керек, банктерге берілетін қаржы қазынаға кері қайтарылмайды. 2007 жылдан бері жеке меншік банктер бюджетке алақан жаюдан танбай келеді. Ал несиені төлем қабілеті жоқ, қарызға белшеден батқан кәсіпорындарға оңды-солды беруін де доғарар емес. Елімізде «проблемалы» несие көлемі 30 пайызға жеткен. Мемлекет оларды күйреуден сан рет құтқарып қалды. «Осыған қарамастан, екінші деңгейлі банктердің өндірісті қаржыландырып жатқаны шамалы», - деп шүйлікті депутат Гүлжан Қарақұсова. Ол «қаржы институттары мұндай масылдықты қоюы керек» деп есептейді.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

До коле мы будем  решать проблемы банкоа, которая проблемы народа не решает.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ