Русский Сайттың толық нұсқасы

Швецияда доңыз тұмауының жаңа түрі пайда болды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1172

Әлем Эболамен күресте қауқарсыздық танытып отырған кезде тағы бір дерт пайда болды. Бұл жолы доңыз тұмауының жаңа түрі әлем дәрігерлерін састырып тастады. Ауру алғаш рет Швециядағы шошқа фермаларында анықталған. Тұмаудың бұл түрі жануардан адамға тез жұғуы мүмкін екені дәлелденіп отыр.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ғалымдар кәдімгі дәрілердің вирусқа қарсы тұра аалмайтынын айтып дабыл қаға бастаған. Әзірге дерттің доңыздан адамға жұғу деректері туралы ақпарат жоқ.

Илхам ИБРАГИМ