Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменнен Қытайға достық керуені аттанды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1267

Достық керуені Шығыс Қазақстаннан көрші Қытайға аттанды. Бұл «Алтай - біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясындағы алғашқы ынтымақтастық шарасы болып отыр.

Бірнеше күн бойы ҚХР 9 аймағында 200 кәсіпкерлер бизнес кездесулер өткізіп, ауыл шаруалары өз өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырмақ. Отандық фермерлер аспан асты елінің азаматтарын табиғи және брендке айналған өніммен қызықтыруды көздеп отыр. Бұндай тауарлар Қытайда жоғары бағаға ие. Іскерлік кездесулерден бөлек шығыс қазақстандық өнерпаздар көрші елге арнайы концерттік бағдарлама әзірлепті.

Альмира Бидаирова, «Достық» керуенін ұйымдастырушы:

Бұндай бастаманы біздің кәсіпкерлер қуана қолдайды, себебі, Қытайға барып өнімдерін сатып, табыс табады. Және бұндай жәрмеңкелер ай сайын өткізілсе екен дейміз.

Мұндай керуендер жақын арада Ресей мен Моңголияға да жетеді. Себебі, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолияны біріктірген «Алтай - біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінде төраға етуші өңір болып таңдалған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ