Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилияда Дилма Русеф президент сайлауында алда келеді

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 874

Бразилияда президент сайлауы жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы орынтағына үміткерлер арасындағы тартыс енді жандана түскендей. Сайлау қортындысы алдымыздағы жексенбі күні, 26 қазанда белгілі болады.

Халық арасындағы сауалнама көрсеткендей, бұрынғы президент Дилма Русеф алда келеді. Ал, бірнеше апта бұрын оппозиция өкілі Аэсио Невестің дауыс саны басым болған. Дегенмен, Русеф жеңіске жететініне күмәнданбайды. Өйткені «экзит пулдың» соңғы таратқан мәліметі бойынша ол 49% дауыс жинады. Ал Невесте 41%.

Айта өтейік, Невес жақтаушыларына ел экономикасын қайта жандандыруға уәде етсе, Дилма Русеф өзі бастаған әлеуметтік бағдарламаларды одан әрі дамытуға сөз берді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА