Русский Сайттың толық нұсқасы

Швейцарияның Базель қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1350

Швейцарияның Базель қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстанның намысын қорғаған Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев екінші кезеңнен аса алмады. Кукушкин Германия спортшысы Бенджамин Беккерге ұтылса, Голубев Хорватия теннисшісі Борна Чоричке екі сетте есе жіберді. 



Сингапурда теннистен әйелдер арасында қорытынды жарыс жалғасуда. Бұған дейін Румыния спортшысы Симона Халепке ойсырай ұтылған АҚШ теннисшісі Серена Уильямс жанкүйерлер алдында ақталды. Топтық кезеңнің кезекті турында Канада спортшысы Эжени Бушармен кортқа шыққан әлемнің бірінші ракеткасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Кездесу басынан ойын тізгінін қолына алған Серена Уильямс бірінші сетте 6-1 есебімен басым түсті. 

Үзілістен кейін алған бетінен қайтпаған АҚШ спортшысы ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Эжени Бушар  жеңілісін мойындады. Сонымен осы топта екі ойында жеңіске жеткен Румыния спортшысы Симона Халеп пен Серена Уильямс жартылай финалға жолдама алды.  

Самат ҚАНАҒАТОВ