Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдайды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2016
  • 1637

Мәжіліс сайлауын күзге қалдырмай, мерзімінен бұрын өткізу бастамасы - уақыт талабы. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері осындай пікір білдірді. Осы ретте ұйым белсенділері Парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын тарату ұсынысы дұрыс деп отыр. Сондай-ақ олар, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Мәжіліс сайлауымен бір мезгілде өткізу - қаржы үнемдеудің бірден бір жолы, деген пікірде.

Әлібек Баймешов, «Әлеуметтік әріптестік орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі:

Ертеңге қалдырмай, күзгі уақытқа қалдырмай, бүгін өткізу - ол уақыт талабы деп білеміз. Өйткені алдымызда қойылған үлкен жобалар тұр. Қоғам тек мемлекеттің атқарып жатқан істеріне қарап отырған жоқ, сонымен бірге отырып, жұмыста, әлеуметтік желі арқылы немес түрлі қоғамдық пікірталастар арқылы мемлекеттің саясатына араласып отыр.

Жұлдызай Ысқақова, Еуразиялық интеграция институтының бас сарапшысы:

Бұл сұрақты кешеуілдетуге болмайды. Қазір мемлекеттік органдардың күшін бір арнаға біріктіру керек. Сондықтан депутаттардың Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бір кезеңде өткізу бастамасын көтеруінің де маңызы зор.

Айгүл ӘДЕПБАЙ