Русский Сайттың толық нұсқасы

Дилма Русеф Бразилия президенті болып қайта сайланды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1020

Бразилия президенті Дилма Русеф жаңа мерзімге қайта сайланды. Елдегі жоғары сайлау сотының мәліметі бойынша, ол 51,45 пайыз дауыс жинаған. Оның қарсыласы оңшыл бағытты ұстанатын Эсио Невес сайлаушылардың 48,55 пайыз дауысын жинап, екінші кезеңде жеңіліп қалды.

Алдын ала жасалған сауалнама қорытындылары екі үміткердің жақтастары тең екенін байқатқанымен, Русеф өз жеңісіне сенімді болды. Сайлауалды кикілжің мен ерегіс, тіпті көшедегі зорлық-зомбылыққа дейін жетті. Алайда, президенттің әлеуметтік платформасы соңында жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, президент сайлауына әлеуметтік партиядан Эдуарду Кампош та қатысу керек еді. Бірақ, ол тамызда әуе апатынан қайтыс болды.

Дилма Русеф, Бразилия президенті:

Сіздер маған сеніп тапсырған қызметті адал атқаруға бүгін қуатым еселене түсті, дайындығым да арта түсті. Бразилия, мен тағы қайталаймын, сіздердің мына қыздарыңыз ел мүддесі үшін күресуге білек сыбана кіріседі.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ