Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина Жоғарғы Радасына 7 партия өтеді деп күтілуде

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1171

Украинадағы парламент сайлауы заңды түрде өтті. Бұл туралы президент Петр Порошенко мәлімдеді.

БАҚ дерегі бойынша, Порошенко блогы сайлау кезіндегі сауалнамада 22 пайыздан аса дауыс жинап, алда келеді. Одан кейінгі орынға 21 пайыздай дауыс жинаған «Халықтық блок» тұрақтады. Ал, үшінші орында Львов қаласының мэрі Андрей Садовтың «Самопомощь» партиясы тұр.

Социологтардың мәліметінше, бұл партия 13 пайыздан аса дауыс жинаған. Осылайша Порошенко, бүгін келіссөздер арқылы Еуропаны жақтаушы партиялардың коалициясын құра алады.

Айта кетейік, террористік операциялар жүріп жатқан Донецк және Луганск облыстарының бірқатар аудандарында сайлау өтпеді.

Арсений Яценюк, Украина премьер-министрі:

Мен жаңа ғана Украина президентімен сөйлестім. Және біз жаңа үкімет пен жаңа парламент ел үшін қажетті барлық реформаларды тиімді, әрі жылдам өткізу үшін қысқа мерзімде коалиция жасақтауға келістік.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ