Русский Сайттың толық нұсқасы

Британия қарулы күштері Ауғанстандағы соңғы әскери базасын тастап шықты

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1134

Ұлыбритания қарулы күштері Ауғанстандағы соңғы әскери базасын босатты. Британдық құрылымдар бақылауында болған соңғы әскери база Ауған қарулы күштеріне берілді.

Осылайша, Британия қарулы күштері елдегі әскери іс-қимылдарын тоқтатты, деп хабарлады ВВС. Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында орналасқан Гильменд провинциясындағы Кэмп-Бастион - британ әскерлерінің негізгі базасы болатын. Ал Құрама Штаттар үкіметі бұл елдегі әскери операцияларын әзірге тек ішінара тоқтатты. Кеше жергілікті билікке америкалықтар басқарған Кэмп-Левернек базасы тапсырылды. Бұдан былай провинциядағы тыныштықты сақтау ауған әскерилерінің қолында болмақ. Алайда, ел үкіметі бұл өңірдегі жағдайды тұрақты түрде сақтай алмайды деген күмән бар.

Захир Азими, Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі:

Шетелдік қарулы күштер алдағы екі айдың ішінде елдегі әскери базаларды ауған әскеріне толықтай тапсырады. Бұл Ауғанстан әскері мен қауіпсіздік күштері үшін соңғы 12 жылда елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде көрсетіп үлгірген кәсіби шеберліктері мен мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсетуге үлкен мүмкіндік болып отыр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ