Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы астықты сатып алу бағасын көтерді

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1180

Азық түлік корпорациясы үшінші сұрыптағы бидай мен екінші сұрыпты сұлының сатып алу бағасын арттырды. Ұлттық компанияның хабарлауынша, корпорация биылғы өнімнен түскен төртінші және бесінші сұрыпты бидайды сатып алуға кірісті. Өйткені ауа-райының қолайсыздығы жемдік астық көлемін арттыруға әсер етіп отыр. Тиісінше, аталмыш жағдай шаруаларға астығын сатуға қиындық туғызды. Қолға алынған шаралар шаруаларға бидайын өткізіп, пайда табуына жағдай жасайды.

Үшінші сыныпты «Triticum aestivum L.» бидайы бағасының тоннасы сапа көрсеткіштерін ескере отырып, қосымша құн салығын төлейтіндер үшін 36 мың мен 38 мың теңге аралығында. Ал салықтан босатылғандар үшін 34 мың мен 36 мың теңгеден астам көрсеткіш аралығында бекітілді. Ал астық бағасындағы өзгерістер биржа аукционының нәтижесіне қарай құбылып отырмақ делінген таратылған хабарламада.

Айгүл ӘДЕПБАЙ