Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ, Жапония және бірқатар Таяу Шығыс елдірінің өкілдері Тынық мұхиты аймағында еркін сауда аймағын құру мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1996

«Транс тұнық мұхиты» стратегиялық экономикалық серіктестігіне мүше елдер келісімге қол жеткізу жолында қадамдар жасауда. Серіктестікке АҚШ, Жапония, Австралия, Бруней, Канада, Чили, Мексика, Малайзия, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур және Вьетнам сияқты елдер мүше.

Аталмыш экономикалық серіктестік арқылы Америка Оңтүстік Шығыс Азия елдері нарығындағы жағдайын күшейту арқылы экономикасын түзеуді көздейді. Кездесу Азия-Тынық мұхит өңірінде еркін сауда жасау жөніндегі келісім 2014 жылдың соңында жасалады деген сеніммен қорытындыланды. Алайда ол үшін ауыл шаруашылығы сынды экономика салалары бойынша Америкадан позициясы ерекше Жапонияның келісімі қажет. Сарапшылардың көпшілігі қарама-қайшылықтарды жыл соңына дейін шешу мүмкін емес, деп санайды. «Азия-Тынық мұхит» серіктестігі бойынша келіссөздер қарашада Бейжіңде өтетін саммитте жалғаспақ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ