Русский Сайттың толық нұсқасы

Мерзімінен бұрын маслихат сайлауын өткізу бастамасын жергілікті жерлердегі азаматтар да қолдайды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2016
  • 1728

Жергілікті  жерлердегі қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, кәсіподақ өкілдері, жер емген шаруалар мен зағип жандар да мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын бірауыздан қолдайды. Олардың қай-қайсысы болсын жергілікті мәслихаттармен қоян-қолтық  жұмыс істеп жүргенін айтуда. Көптеген өзекті мәселелер депутаттардың араласуымен оңтайлы шешімін тапқанын жеткізді. Және ел өмірінде маңызы зор мұндай бастамадан шет қала алмаймыз десті.

Римма Ғайсенова, Мемлекеттік, банк мекемелері қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы  ҚБ ҚОФ төрайымы:

Зейнетке шыққан адамдардың жағдайы, оқу-білім, мәдениет саласындағы жұмыстардың қалай жүріп жатқандығын мәслихат депутаттарымен бірге бақылап, шаралар өткізіп отырамыз. Өзім ойлаймын, болашақта осы біздің Қостанай облысының мәслихатымен бірге жұмыс істейміз деп үміттенемін. 

Гүлбарам Наурызбаева, Павлодар облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

Білім саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау барысында, мысалы, коммуналдық төлемдерге қосымша өтемақы төлеу мақсатында көп жұмыс атқардық. Бұрын 6 ауданда болмаса төлем, қазір біздің қызметкерлердің мүддесі қорғалды.

Василий Айдаков, «Қазақстанның шаруалар одағы» республикалық қоғамдық ұйымы СҚОФ мүшесі:

Бұл жыл Қазақстан халқы үшін маңызды. Еліміз  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Жергілікті мәслихат құрамы жаңарғанын құптаймын, әсіресе диқандар көптеп сайланса деген тілегім бар. Сонда ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтерілер еді.

Мұрат Қыдырбеков, «БҚО қазақ соқырлар қоғамы» басқармасының төрағасы:

Депутаттардың көмегімен қаражат бөлініп жатыр, мәселен, зағиптар үшін инватакси жүріп жатыр, апаратын жеріне әншейін апарады. Соған да ақша бөліп жатыр. Сонымен қатар, бағдаршамнан алаңсыз өту үшін тактильді жолақ жүргізіп, банктерде дыбыстық белгі беру жүйелері орнатылса деген ұсыныстарымыз бар.

Абзал ҚҰРМАНКИН