Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда көше кезіп жүрген сиырлар тұрғындар үшін қолайсыздық туғызуда

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1516

Ақтауда қаңғыбас малдарға арналған айып қора болмайды. Өткен жылы шенеуніктер қараусыз малды қамайтын осындай орын ашылатынын мәлімдеген еді. Енді адасып, қала кезген жылқылар мен сиырларды иелері табылғанша, қасапханаға айдап, уақытша қамау жоспарланып отыр. Ал қожайындары келмесе, мал сойылады.

Қаңғыған ірі қара  бірнеше уақыттан бері Ақтау тұрғындары үшін проблемаға айналды. Сиырлар шағын аудандарды кезіп, қоқыс жәшіктерін төңкеріп, тұрғындарды қорқытып жүр. Қалалық әкімдіктегілер малдарға арналған айыптұрақтар жақын арада ашылады, тіпті орындарын да белгілеп қойдық деген болатын. Ал бүгін ол жобаның іске аспайтыны мәлім болды.

Самат Набиев, Ақтау қаласы «Мал дәрігерлік стансасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Біз қаңғыған жануарларды қасапханаларды ұстаған дұрыс деп отырмыз. Қасапхана қожайындары қанша малдың қамалып, оларға қанша шығын кеткенін есептеп, смета жасайды. Кейін сол кеткен қаржыны мал иелерінен қайтарып алады. Егер қожайыны анықталса, малға таңба салып, төлқұжат береміз. Ал таңба салынбаса және төлқұжаты болмаса, малды сойып тастайды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ