Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда бірнеше адамды өлтірген күдікті ауыр халде ауруханада жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 995

Павлодарда бірнеше адамды өлтірген күдікті ауыр халде ауруханада жатыр. Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев мәлімдеді.

Кеше Павлодарда Торайғыров көшесіндегі пәтерлердің бірінде бес адамның мәйіті табылған-тын. Болжам бойынша, қаскөй бір әйелді буындырып өлтірген, қалғандарын пышақтаған. Сондай-ақ, пәтерде болған жаралы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол үй ішіндегілерді жайратып салды деген күдікке ілініп отыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Артықбаевтың мәліметінше, қаза болғандар - 1978-жылы туған ер адам, 1979 және 1989 жылы туған екі әйел адам, сондай-ақ, ондағы қыз бен төрт жасар ұл бала болған.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА