Павлодарда бірнеше адамды өлтірген
күдікті ауыр халде ауруханада жатыр. Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары
Қуат Артықбаев мәлімдеді.
Кеше Павлодарда Торайғыров көшесіндегі
пәтерлердің бірінде бес адамның мәйіті табылған-тын. Болжам бойынша, қаскөй бір
әйелді буындырып өлтірген, қалғандарын пышақтаған. Сондай-ақ, пәтерде болған
жаралы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол үй
ішіндегілерді жайратып салды деген күдікке ілініп отыр. Оқиға орнында
жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Артықбаевтың мәліметінше, қаза
болғандар - 1978-жылы туған ер адам, 1979 және 1989 жылы туған екі әйел адам,
сондай-ақ, ондағы қыз бен төрт жасар ұл бала болған.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА