Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында Қорғалжын қорығының ғылыми қызметкері із-түссіз жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1423

Жүзден астам полицей, әуе күштері мен водолаздар Ақмола облысы Қорғалжын табиғи қорығының іс-түссіз кеткен ғылыми қызметкері Александр Мегинді іздестіріп жатыр.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 жастағы қызметкер осыдан екі күн бұрын Қорық аумағындағы Сұлтанкелді көліне қарай қайық алып кетуге «УАЗ» көлігімен шығады. Оның жоғалғандығын ертеңіне қорық аумағын аралауға шыққан қорық қызметкерлері анықтапты. Оқиға орнынан инспекторлар Мегин мінген көлік пен жоғалғанның құжаттарын, кілттерін және қайықтың өзін тапты. Облыстық полиция баспасөз қызметі, ғылыми қызметкердің жоғалуының бір себебі - қайғылы оқиға болуы мүмкін, деп отыр.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

26 қазанда Александр Мегин қызметтік автокөлігінде қорық аумағына келді. Аталған факт бойынша, бұл - қайғылы жағдай деген тұжырымды ұстанамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ