Русский Сайттың толық нұсқасы

СІМ: Қазақстан Республикасы Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауды қолдайды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1135

ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинада өткен парламенттік сайлауға қатысты мәлімдеме жасады. Қазақстан 26 қазанда өткен сайлау қорытындыларын қолдайды делінген ресми мәлімдемеде.

«Жаңа парламентті құру - жалпыұлттық татулыққа, қоғамдағы тұрақтылыққа, Украина халқының мүддесіне сай келетін тиісті реформаларды өткізуге жол беретін маңызды қадам. Біз Украина азаматтарының таңдауына құрметпен қараймыз және Украина мен әлемдік қауымдастықтың саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктірудегі және елдің дәйекті түрде дамуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне қолдау көрсетеміз» деген мазмұндағы хабарлама министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Еске салайық, Украинадағы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша Жоғарғы Радаға 6 партия өтетін болды. Олар - премьер-министр Арсений Яценюктің «Халықтық майданы», президент «Петр Порошенконың блогы», Киев мэрі Виталий Кличко мен Юрий Луценконың партиясы, Львов қаласының мэрі Андрей Садовтың «Самопомощь»-ы, «Оппозияциялық блок», Олег Ляшконың «Радикалды партиясы» мен экс-премьер Юлия Тимошенконың «Батькивщина»-сы.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА