Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуро мен долларға қатысты рубль бағамы тағы түсіп кетті

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1200

Еуро мен долларға қатысты рубль бағамы тағы түсіп кетті. Бүгін бір еуро 54 рубльге сатылды. Ал бір доллар 42,5 рубльге шықты. Ресейлік ақпарат құралдары мұны Украинадағы сайлауда еуропашыл партиялардың жеңіске жеткенімен байланыстырады. Бұдан бөлек салық түсімдерінің соңы мен мұнай бағасының құлдырауы әсер еткенін айтуда.

Ал Ресейдің Орталық банкі валютаның шекті дәлізін арттырумен келеді. «Коммерсантъ» басылымының мәліметінше, соңғы айда Ресей ұлттық валютаны күрт құлдыраудан сақтау үшін, 20 миллиард доллар жұмсаған. Сарапшылар рубльдің әлі де әлсірейтінін болжайды. Оның үстіне жаңа жылдан бастап Ресей валютасын еркін айналымға жіберуді шешкен. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ