Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы министрі: Отставка - уақыт еншісінде

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1252

Ауыл шаруашылығы министрі: «Отставка - уақыт еншісінде», - дейді. Ведомство басшысы қарамағындағы қызметкерінің  қылмыстық іске барғанына әлі де сенбейді. Үмітпен соңғы сот инстанциясының шешімін күтуде.

Еске салайық, бұрынғы вице-министр Мүслім Өмірияев былтыр жеке кәсіпкерден ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Сол үшін де 10 жыл арқалаған болатын. Алайда экс-шенді кінәсін мойындамай, апелляцияға шағымданатынын айтты. Ал министрлікті басқарып отырған Асылжан Мамытбеков Өмірияевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екендігін әлдеқашан айтып үлгерген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА