Қазақстанда қамқоршы күні атап өтілді.
Негізгі мақсат - балаларды асырап алған көп балалы отбасыларға алғыс білдіру.
Мерекеге орай Риддер қаласындағы
үй-жатақханасында тұратын 600 балдырғанға сый-сияпаттар табыс етілді. Шараға Шығыс Қазақстан облысының іскер әйелдер
ассоциациясының мүшелері мұрындық болған. Олар балалардың талғамын алдын ала
біліп алып, әрбіреуіне қалаған сыйлығын алып берген.
Евгения Рыкова, интернат тәрбиеленушісі:
Біз өзіміз ұнатқан сәнді, әрі жылы киімдерді таңдадық. Мысалы, мен жылы күртеше мен шалбар алдым. Мектепке киетін
блузка, қысқы аяқ киім де алдық.
Виктория Заворина, интернат тәрбиеленушісі:
Қыздардың көбі коньки таңдап алды. Қыста
көңіл көтеріп, сырғанаймыз. Әрі сәнді, жылы киімдер де алдық.
Жұрағат БАМАН