Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Fox News телеарнасы Усама бен Ладенді өлтірген сарбаздың есімін жарияламақ

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2014
  • 1165

Усама бен Ладеннің көзін жойған сарбаз бетпердесін шешпек. Американың Fox News телеарнасы Пәкістанда бұрыңғы №1-лаңкесті жоюға қатысқан АҚШ теңіз әскері жауынгерінің кім екенін жарияламақ.

11 қарашада «Усама бен Ладенді өлтірген Адам» деп аталатын деректі фильм көрсетпек. Онда «Мерген» деген лақап ат жамылған бұрынғы арнайы жасақ жауынгері өзінің «Нептун найзасы» операциясына дайындығы және Усама бен Ладенді қалай өлтіргендігі туралы баяндайды. Сондай-ақ, ол операция барысында тікұшақтың күтпеген жерден қалай істен шыққаны туралы жаңа мәліметтерді ашады. Усама бен Ладеннің өлімі 2011 жылы Құрама Штаттар халқын қуанышқа бөлеген еді. Оның көзін жоюға арналған операция туралы кітап жазылып, фильмдер түсірілді.

Дегенмен, әлемде көптеген адамдар Усама бен Ладеннің өмірде шынайы болған адам екеніне күмәнмен қарайды.

Базаркүл ІЗІМОВА