Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Парламенті Ресей азаматтарының республикада тіркеусіз отыз күн жүріп-тұруын мақұлдады

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2014
  • 985

Ресей азаматтарының Қазақстанда тіркеусіз жүріп-тұруына 30 күн мерзім берілмек.

«Екі ел аумағында жүріп-тұру тәртібі туралы» заң жобасы бүгін Парламент Сенатында мақұлданды. Құжатқа сәйкес, азаматтардың бір мемлекетте тұрақтауы отыз күннен асып кеткен жағдайда, аталған азамат сол мемлекеттің заңнамасы негізінде құзыретті органдарына тіркелуге міндетті болады. «Құжатты қабылдау әлеуметтік экономикалық теріс салдарға соқтырмайды, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпалын тигізеді», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Біз жағынан, мынау Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жағынан бақылау істейміз әрине. Жақында Белорусияның заңы, осы жобасы мәжіліске түсті. Екі мемлекетпен біз отыз күн беретін болдық. Мына тіркеуге. Қалғандары бес күннің ішінде тіркеуге түсуі керек.

Жұрағат БАМАН