Атырауда тапа-тал түсте көлігіне 80 келі бекіре тұқымдас балық тиеген
31 жасар азаматша ұсталды. Ол бағалы балықты қала маңындағы Дамба ауылы
тұрғынынан әр келісін 700 теңгеден сатып алғанын айтып ақталған.
- Салонның ішінен табылған
балықтар иесі сіз ғой? - Иә, иә. - Балықтарды қайдан алдыңыз? - Дамбадан.
Бағалы балықты тиеген «Матиз»
автокөлігі иесінің үстінен Қылмыстық кодекстің 290-бабы, яғни «құрып кету
қаупі төнген жануарларға қастық жасау» дерегі бойынша іс қозғалмақ. Кінәсі
дәлелденген жағдайда, күдікті 3 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан
айырылуы мүмкін. Бұл - «Бекіре» шарасының соңғы күнінің нәтижесі. Жалпы іс-шара
басталған 10 қыркүйектен бері заңсыз айналымнан 6 тонна балық тәркіленіпті.
Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің
жетекшісі:
Заңсыз айналымнан 6 тоннадан
астам балық тәркіленді. Оның 1 тоннаға жуығы бекіре тұқымдас балықтар. Сонымен
қатар 4 келі қара уылдырық, 400-ге жуық ау-тор жарақтары, 2 жүзгіш құралы да
тәркіленді.
Базаркүл ІЗІМОВА