Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев елдегі аграрлық ЖОО-дарының деңгейін көтеруді тапсырды. Елбасы Қазақ
ұлттық аграрлық университет ректоры Тілектес Есполовты қабылдау кезінде
аграрлық университеттердің деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталды.
Біріншіден, бұл университеттердің қызметіне зерттеушілік бағыт енгізу керектігін
айтты. Өйткені ауыл шаруашылығында ғылыми
жетістіктерді пайдалану - аграрлық ғылымды дамытудың маңызды бөлігі болып
саналады. Кездесу барысында жоғарғы оқу орны басшысы Президентке университеттің
қазіргі қызметі туралы баяндап, аграрлық білім мен ғылымның жағдайына қатысты
өз ойларын айтты.
Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
Елбасының қабылдауында еліміздегі аграрлық саладағы ғылым мен білімнің
дамуы туралы Елбасына баяндадым. Сонымен қатар, бүгінгі күні елімізде
жүргізіліп жатқан аграрлық сектор, агроөндіріс кешеніндегі білім, ғылым және
өндірістің интеграциялау мәселесіне нақты тоқталып, осы мәселелер жөнінде Елбасы тікелей тапсырмалар берді.
Жұрағат БАМАН