Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда құрылыс материалдары базары өртенді

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2014
  • 1703

Алматыда сауда орны отқа оранды. Шаһардың шеткері аумағындағы Алматы - Талғар тас жолы бойында орналасқан құрылыс дүкені өртеніп кетті. Тілсіз жау дүкенмен қоса 4 арнайы көлікті жарамсыз еткен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы дабыл таңғы алты жарымдарда келіп түскен. Жеке құрам арнайы техникамен өрт орнына дереу жеткенімен, қызыл жалынды ауыздықтау мүмкін болмады. Салдарынан бір трактор мен экскаватор, 2 жүк көлігі және құрылыс материалдары толықтай өртеніп кетті. Тек екі сағаттан кейін ғана тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің басшысы:

Сол маңайдағы басқа жеке үйлер өрттен аман қалды. Жалын 700 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл өртті сөндіруге жеке құрамның 75 адамы, 16 арнайы және 5 қосалқы техника жұмылдырылды.

Берік ХАСЕНОВ