Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда келімсектер мінген кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1245

Түркия астанасы Стамбұл қаласында су көлігінің ірі апаты орын алды. Босфор бұғазында заңсыз мигранттар мінген қайық суға батқан.

Теңіз жағалауындағы қауіпсіздік және құтқару қызметінің мамандары көлікте шамамен 40-тан аса адам болғанын хабарлады. Апат кезінде олардың жетеуі ғана құтқарылды. 24 адам көз жұмған. Арасында екі сәбидің болғаны анықталды. Қазір төтенше оқиға орнына бір тікұшақ пен жеті кеме көмекке келді. Қалған адамдардың денесі іздестірілуде.

Батып бара жатқан қайыққа алғашқылардың бірі болып жеткен балықшының айтуынша, 8-10 метрлік қайықты толқын аударып жіберген. Сол сәтте үстіне арнайы қауіпсіздік кеудешесін киіп үлгергендері тірі қалып, қалғаны батып кеткен.

Емре Колджы, куәгер:

Барған бойда тірі қалғандарын қайыққа отырғызып, құтқару қызметін шақырдық. Олар біраз тоңып қалған екен. Айналада шашылған сөмкелерінен табылған төлқұжаты арқылы Ауғанстан азаматтары екенін білдік. Теңіз арқылы өтпек болған заңсыз мигранттарға ұқсайды. Меніңше, қайық бірден батпаған секілді. Адамның көптігінен болар бәлкім. Өйткені тұман жоқ, теңіз беті ашық болатын.