Русский Сайттың толық нұсқасы

Патриотизмді дамытуға үлес қосқан жастарға 1 млн теңге берілмек

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1557

Астанада қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды, белсенді жастарға 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілмек. «Нұр Отан» партиясы республикалық «Жас тұлпар» байқауының басталғанын жариялайды. Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, жастардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты дәріптеуге үлес қосқан азаматтар сыйлық алуға үміткер бола алады.

«Жас тұлпар» сыйлығы 7 бағыт бойынша 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Әрбір номинацияның 1 млн теңге мөлшерінде сыйақысы тағы бар. Лауреаттарды марапаттау салтанаты Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласында өтеді. Ережелер туралы толық ақпаратты партия сайтынан табасыз.

Айта өтейік, «Жас тұлпар» сыйлығы екінші рет табысталмақ. Былтыр да ұлы мереке қарсаңында елдің партиоттары анықталып, марапатқа ие болған. Ол кезде әнші, спортшы, актер, құтқарушы, полиция қызметкері сияқты жастар марапатқа ие болған еді.

Илхам ИБРАГИМ