Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда қолайсыз ауа райынан кейінгі көріністі туристердің қызығушылығын тудырды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1950

Қытайдың шығысындағы Хуаншань қаласында ауа райының керемет құбылысы байқалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін өзен үстінде тау елесі пайда болған. Табиғи құбылысты мұндағы саяхатшылар дереу түсіріп, желілерге салады. Мұндай кереметті көргендер сол аймаққа қарай ағылған. Бірақ сағым ұзаққа созылған жоқ. Негізінен Хуаншань таулары «Аватар» кино туындысындағы «Пандораның самғаушы тауларына» ұқсас келеді.

Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне кіреді. Хауньшань таулары қытайлық көркем сурет туындыларында да жиі кездеседі. Бұл жолғы сағым да бірәз туындының тақырыбы болуы да мүмкін.

Жұрағат БАМАН