Русский Сайттың толық нұсқасы

Германия көмірді қысқартып, табиғи газға басымдық бермек

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1627

Германия көмір қолданысын қысқартып, табиғи газға басымдық бермек. Бұл туралы энергогенерация жүйесін дамытуды ұсынған Германия үкіметінің баяндамасына сілтеме жасай отырып, «Вести Экономика» жазады.

Берлин соңғы 6 жыл ішінде аса ірі көлемде көмір қолданған көрінеді. Қатты отын тиімділігі жөнінен газға есе жібереді. Көмір жанып біткен соң 30 пайызы күл болып қалады. Оның қоршаған ортаға зияны аса зор. Қазір Германия көмірді 45, ал газды 11 пайызға қолданады.

Бүгінге дейін Берлин Ресей газын көп мөлшерде сатып алуды қаламаған. Және бұл жағдай елге тиімді болып келді. Бірақ, қазір ахуал өзгерді. Немістер экология мен халықтың денсаулығын ойласа керек. Бұл қадамы АҚШ пен Еуроодақтың Мәскеуді экономикалық оқшаулау әрекеттеріне қарама-қайшы келгеніне қарамастан, Германия газ сатып алуды ұлғайтуға мүдделі. Bloomberg агенттігінің сарапшылары осылай дейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ