Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йоркте дүниежүзілік сауда орталығы қайта ашылды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1721

Нью-Йорктегі лаңкестердің шабуылына ұшыраған Дүниежүзілік сауда орталығы араға 13 жыл салып қайтадан жұмыс істей бастады. Аталған орталықтың орнында 104 қабатты «Бостандық мұнарасы» бой көтерген. Зәулім ғимараттарды салуға 8 жылдай уақыт кетті.

Бұл іске 3,8 млрд доллар жұмсалды. Апта басында Conde Nast басылымының қызметкерлері зәулім ғимараттағы жұмыс орындарына қайта жайғасты. Мұнда 11 қыркүйек күні ажал құшқандарға арналған мемориал мен мұражай да бар. Ғимараттың соңғы қабатында сынақ алаңы ашылады деп жоспарлануда.

Еске салсақ, 2001 жылы 11 қыркүйекте жанкештілер басып алған ұшақтар көкпен таласқан ғимараттарға соғылып, тас-талқанын шығарды. Жойқын апатта 3 мыңдай адам қаза тапты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА