Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы мұнай бағасын рекордтық деңгейге дейін төмендетті

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 907

Мұнай бағасы соңғы 3 жылда болмаған рекордтық межеге дейін төмендеп кетті. Бұл туралы «Итар ТАСС» қазір ғана жариялады.

Нью-Йорктегі саудада бір баррель үшін WTI маркалы мұнай бірден 2 жарым пайызға арзандаған. Мұндай жағдай соңғы рет 2012 жылы болған еді. Сөйтіп, баға барреліне 77,19 доллады құрады. Сарапшылар мұнай құнының құлдырауына Сауд Арабиясының саясаты себеп болып отыр дейді. Өйткені Saudi Arabian Oil компаниясы АҚШ пен Азия елдеріне «қара алтынды» экспорттау бағасын түсіріп жіберген.

Араб мемлекеті осы әрекетімен Құрама Штаттар нарығында өз үлесін ұстап тұрғысы келеді. Өйткені соңғы уақытта араб өндірушілерінің үлесі азая түскен. Мамандар биылғы қыста мұнайға деген сұраныс артып, жағдай қайта тұрақталады деген сенімде.

Айта өтейік, соңғы рет қарашаның басында Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайы 0,7 пайызға арзандаған еді. Бұл жолғы көрсеткіш шынында да рекорд болып отыр.

Илхам ИБРАГИМ