Русский Сайттың толық нұсқасы

Гавай аралдарында оянған жанартау жақын маңдағы қаланы күл етуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 2131

Гавай аралдарында атқылаған жанартаудың күл мен от араласқан көшкіні бір апта бойы Пахоа қаласына жылжып келеді. Қазір көшкін елді мекен шетіндегі зиратқа жетті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қызуы 900 градус шамасындағы отты көшкін жолындағының бәрін күлге айналдырады. Оның жылдамдығы сағатына 10-15 метрге жетті. Жергілікті билік қауіп төніп тұрған 50-ден астам тұрғын үйді көшіру туралы шешім қабылдады. 75 метрлік көшкін қаланы басып өтіп мұхитқа жетуі мүмкін.

Жалпы, бұл жанартау 1983 жылдан бері жиі атқылайды. Соңғы рет 1990 жылы 180 үйді күлге айналдырған. Мамандардың айтуынша, көшкіннің температурасы Фаренгейт шкаласы бойынша 2 мың 100 градусқа жетеді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА