Эбола белгілерін 15 минутта анықтайтын
құрал ойлап табылды. Құрылғы жақын арада Жаңа Гвинеяда сынақтан өтеді.
Оны ойлап тапқан француз
дәрігерлерінің сөзінше, жаңа тест қазіргі ахуалды оңалтуға септігін тигізеді.
Өйткені сынама нәтижесін алты сағатта емес, он бес минутта анықтауға болады. Тәжірибе Гвинеяның орманды алқабында
жасақталған медицина орталығында жүргізілмек. Францияда бүгінге дейін Эбола
безгегі тіркелген жоқ. 18 азамат күдікке ілінгенмен, диагноздары расталмады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Батыс Африка елдерінде Эбола
жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты. Өлім-жітім бәрінен Либерия, Сьерра-Леона мен
Гвинеяда көп тіркелген.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА