Қою тұманға байланысты бүгін Астана
әуежайында 9 рейс уақытынан кешіктірілді. Әуежайдың анықтама қызметі өкілінің
айтуынша, рейстердің кейінге шегерілуіне ауа райының өзгеруі себеп болған.
Нақтырақ айтсақ, Астанадан ұшатын 2
рейс, ол - Астана-Үрімші бағытындағы және Астана-Ақтау бағытындағы рейстер.
Сондай-ақ, Елордаға қарай ұшып келетін 7 рейс кейінге шегерілді.
Роза Сейітмағанбетова, Астана халықаралық әуежайы РМК тілдерді
дамыту қызметінің басшысы:
Ең көп кешіккен рейстердің ішінде
Астана-Үрімші бағытындағы рейс 4 сағатқа кешікті. Шымкенттен үшып келетін рейс 1 сағатқа, ал Қостанайдан
келетін рейс жарты сағатқа кешігеді. Жалпы,
әуежай штат кестесінде жұмыс істеуде.
Мақсат Тәшенұлы, «Қазаэросервис» АҚ директоры міндетін атқарушы:
Тұманды аймақ тек қана Ақмола облысы емес, Қазақстанның солтүстік-шығыс,
солтүстік өңірлерін де қамтуда. Енді болжам
бойынша кешке тұман сейіледі. Және мұндай тұман алдағы күндері таңертең және
кешкі уақыттарда қайталануы мүмкін.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ