Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәскеу биржасында бір доллар 44,98 рубльге саудаланды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 1081

Ресей Орталық банкі рубльді еркін айналымға жіберудің аз-ақ алдында. Бүгіннен бастап банк валюталық нарықта рубль курсын ұстап қалу үшін, арнайы операцияларын бастады.

Егер рубль құбылмалы интервал шегіне жетсе, Орталық банк күніне 350 миллион доллар мөлшерінде шетелдік валютаны сатып алуға немесе саудалауға мәжбүр болады. Қаржы тұрақтылығына қауіп-қатер туған жағдайда, банк қосымша интервенция жасауға дайын. Бұл рубльді еркін айналымға жіберу деген сөз.

Айта өтейік, интервал шегін түзету жұмыстары қатар жүргізіліп келеді. Бүгін Мәскеу биржасындағы валюта саудасында доллар бағамы бұрын соңды болмаған межеге жетті. Бір доллар 44,98 рубльге саудаланды. Бір күннің ішінде айырмашылық бір рубль болып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА