Русский Сайттың толық нұсқасы

Франциялық шаруалар дәнді дақылдар бағасының тым құлдырауына қарсы наразылық білдіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2014
  • 1771

Франциялық шаруалар да ереуілдеуде. Париждің орталық алаңында бірнеше жүк көліктері тонналап көкөніс пен жеміс-жидек төкті. Барлығы 60 тонна картоп, 20 тонна пияз және алма мен алмұрт таратылды.

Акцияға биліктің саясатынан жапа шегіп отырған 300-ге жуық шаруа қатысты. Францияның фермерлер кеңесі басшысы Ресейге қатысты санкциялар салдарынан астық, сүт өнімдері мен көкөніс бағасының құлдырап жатқанына наразы. Бұндай акцияны фермерлер бүкіл Франция аумағында өткізуді жоспарлауда. Мәселен, шаруалар Шартр қаласындағы ауыл шаруашылығы департаментінің алдында шіріп, сасып кеткен көкөністі төгіп, осылайша биліктің назарын аудармақ болған.

Айта кетейік, наразылық шаралары Ресейге қатысты шектеулердің елдің ауыл шаруашылығы саласына залал келтіруімен байланыстырылуда. Еуроодақ санкциялардың салдарын жеңілдету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға 125 миллион еуро бөлген. Алайда бүгінгі таңда бұл соманың тек 37 миллион еуросы ғана өтелген.

Жұрағат БАМАН