Қазақстан Австралиядан әкелінетін қара
мал етіне, сондай-ақ, Ресей мен Беларусьтан импортталатын тауық етіне қойылған
шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ақпарат Тұтынушылар құқығын қорғау
комитетінің ресми сайтында жарияланды.
Мұздатылған австралиялық ет өнімін осы
жылдың 17-ші қарашасынан бастап елімізге әкелуге рұқсат берілген. Ал Ресейдің
Челябі қаласындағы құс фабрикасы мен Беларусь тауық комбинаттарында өндірілген
етке жарияланған эмбарго қарашаның 14-нде өз күшін жойды.
Еске салайық, Кеден одағы аясында
қабылданған техникалық регламентке сәйкес, Австралия ет өніміне осы жылдың 11
мамырында, ал Ресей және Беларусь тауық етіне 28-ші наурызда шектеу еңгізілген
болатын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ