Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ет өнімдері импортына шектеулерді алып тастады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2014
  • 1086

Қазақстан Австралиядан әкелінетін қара мал етіне, сондай-ақ, Ресей мен Беларусьтан импортталатын тауық етіне қойылған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ақпарат Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Мұздатылған австралиялық ет өнімін осы жылдың 17-ші қарашасынан бастап елімізге әкелуге рұқсат берілген. Ал Ресейдің Челябі қаласындағы құс фабрикасы мен Беларусь тауық комбинаттарында өндірілген етке жарияланған эмбарго қарашаның 14-нде өз күшін жойды.

Еске салайық, Кеден одағы аясында қабылданған техникалық регламентке сәйкес, Австралия ет өніміне осы жылдың 11 мамырында, ал Ресей және Беларусь тауық етіне 28-ші наурызда шектеу еңгізілген болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ