АҚШ қор нарығындағы саудадан соң мұнай
бағасы тағы да қымбаттады. WTI белгісіндегі мұнай құны 1,49 долларға дейін
көтеріліп, баррелі үшін 78 долларға дейін жетті. Ал Brent 83 долларға көтерілді.
АҚШ энергетика министрлігі сауда қорындағы мұнай көлемінің 500 мың баррельге
артқанын хабарлады.
Дегенмен, сарапшылар бұл өсім 4 есе артық болады деп күткен
еді. Сөйтіп, жалпы қор көлемі 380 млн баррельге жетті. Сарапшылар, нарықтағы
көрсеткіштер айтарлықтай өзгерген жоқ, сондықтан мұнай бағасының жоғарылауы
ұзаққа бармайды деген болжам жасайды.
Дегенмен, ОПЕК мұнай бағасының күрт
төмендеуіне негіз жоқ деп отыр. Бұл туралы
ұйымның Бас хатшысы Абдалла-Салем Эль-Бадри хабарлады. Бірақ мұнай бағасы 70
доллардан төмендеп кетсе, ОПЕК-тің шикі мұнай өндіру көлемін азайтуға мәжбүр
болатынын да жоққа шығармайды. Мұнайды экспорттаушы ұйым 2035 жылы мұнай әлем
экономикасының бас энергоресурсы мәртебесінен айырылады дегенді де жоққа
шығармай отыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ