Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда алғаш рет «Сэндай» атом электр стансасын іске қосуға шешім қабылданды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 1788

Жапония «Фукусима-1»-дегі апаттан соң, алғаш рет «Сэндай» атом электр стансасын іске қосуға шешім қабылдады. 2011 жылғы апатқа дейін атом энергетикасы Жапониядағы қажеттіліктің 30 пайызын қамтамасыз ететін. Қазір барлық 48 атом реакторы тоқтатылды.

Бүгінгі күні елдегі 13 атом электр стансасының 20 реакторы тексерістен өтуде. Барлық техникалық тексеру аяқталған соң, 2015 жылдың басында «Сэндай» атом электр стансасының 2 реакторы қайта іске қосылуы мүмкін. Мұндай шешімді жергілікті парламент қабылдады. Станция жұмысын қалпына келтіруді жақтаушылар, елдегі энергия тасымалдау бағасының жоғарылығын алға тартады.

Ал, АЭС-ке қарсы болғандар, атом энергиясының қаупі мол, экономикалық тиімділігі оны ақтамайды, деген пікірде.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ