Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2014
  • 2126

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Вице-премьер бастаған жұмыс тобы маман тапшылығы мәселесін тиімді шешу жолдарын талқылады. Тараз мемлекеттік университетінде Бақылау кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Мұндай бақылау кеңестері еліміз бойынша алты жоғары оқу орнында құрылған.

Жиынның Таразда өту себебі - аймақта тау-кен және химия өндіріс орындары өте көп. Бірақ кадр тапшы. Сондықтан кеңесте маман даярлау мәселесі мен оқу орнының даму жоспарлары пысықталды. Кеңес мүшелерінің қолдауымен осы білім ұясының түлегі Гүлшара Әбдіқалықова Бақылау кеңесінің төрайымы болып сайланды. Жұмыс тобы жергілікті кәсіпкерлермен де кездесті. Қаратау қаласында алтын өндірісінде қолданылатын химиялық заттар шығаратын зауытта кадр тапшы. 500 адам еңбек етуі тиіс кәсіпорында жұмысшылар саны 250 адам. Салдарынан басшылары өзге елдің мамандарына жалақы төлеп жүр. Жамбылда химия саласына қажетті маман даярлау үшін, техникалық колледж ашылған. Өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған. Нақты бағыттар да белгіленді.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Жамбыл облысы бойынша үш бағытты белгіледік. Бірінші - химия өндірісі бағытында. Екінші - химия өндірісі жанындағы құрылысқа қажетті мамандар. Үшінші - Жамбыл облысына қажетті ауыл шаруашылық мамандарын дайындау.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ